pdf

Кілтті сөздер

Қазақстан, Өзбeкстан, трансформация, гeосаясат, ынтымақтастық, Орталық Азия.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Эгамбердиев, М. ., & Сарсенбаева, Т. (2024). ҚАЗАҚСТАН МEН ӨЗБEКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ (ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР МЫСАЛЫНДА). ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 81(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.07

Аңдатпа

Жаһандық әлемде Еуразия континентінде және әлемдік аренада ерекше орын алатын мемлекеттердің дамуы мен болашағына империалистік державалардың ықпалы сөзсіз. Ресей-Украина соғысы және оның салдары өшпес әлеуметтік-экономикалық із қалдырары анық. Еуропа елдері мен халықаралық ұйымдардың Ресейге қарсы санкцияларының салдарын ескере отырып, Қазақстанның алдында тиісті саяси шешімдер негізінде жаңа сыртқы саясатын құру таңдауы тұр.

        Мемлекетаралық бірлестіктер шеңберінде көршілес Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының трансформациялық үдерістері биліктің өзгеруінен кейін ғылыми әдебиетте нақты көрінісін таппай келеді. Осыған байланысты зерттеушілер, сарапшылар және басқа да институттардың алдында аймақтағы ресейлік ниеттің өзгеруі нәтижесінде тығыз қарым-қатынастарды тудырған жаһандық өзгерістер жағдайында трансформациялық үрдістердің даму болашағын ғылыми тұрғыдан қайта қарастыру міндеті тұр. Бұл зерттеу екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың трансформациялық үдерістерін ой елегінен өткізу мәселелеріне арналып, қазіргі заманғы геосаяси қайта құрулар, әсіресе сыртқы саясатта және мұнай-газ секторында қандай да бір жолмен әсер етті және із қалдырады деген сауалдарға жауап береді. Салыстырмалы және статистикалық талдау әдістері, сонымен қатар қойылған мақсатты жан-жақты талдау мәселелері осы зерттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Посткеңестік қайта құрудың өзара қарым-қатынасының тарихи алғы шарттары мен Қазақстан және Өзбекстанның трансформациялық үдерістері осы зерттеудің өзегіне айналды. Саяси-экономикалық өзара іс-қимылдар мен кезең-кезеңмен ынтымақтастық саласында, алдымен өңірлік деңгейде, содан кейін ШЫҰ, Түрік мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) шеңберінде қол жеткізілген келісімдерге қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында аймақтық бәсекелестік проблемалары туындаған-ды. Ресейлік геосаясат екі елдің сыртқы саяси байланыстарын қайта қарауға және тығыз байланыстар қажеттілігіне өзіндік серпін берді, бұл өз кезегінде жаңа трансформациялық үдерістерді жылдамдатты. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тарихнамалық шолу мен дереккөз базасы қазіргі заманғы геосаяси үдерістер аясында Қазақстан мен Өзбекстанның өзара ынтымақтастықтың заманауи аспектілерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.07
pdf