pdf

Кілтті сөздер

Жолдау, Қазақстан Республикасы Президенті, тәуелсіздік, тарихи дереккөз, мемлекеттілік, отандық тарих.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Толамисов, А. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖОЛДАУЛАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗ РЕТІНДЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 78(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.02

Аңдатпа

Мақалада автор Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жасалынған Президент Жолдауларының тарихи дереккөз ретіндегі маңыздылығына ғылыми талдау жасайды. Егемендік алған уақыттан бастап қазіргі кезге дейінгі жолданған Президент Жолдауларының орын алған жағдайлары мен саяси-экономикалық, мәдени-идеологиялық контексттері қарастырып, олардың ерекшеліктерін ашып көрсетеді. 

Оған қоса автор зерттеу барысында жолдаулардың атаулары мен мәтіндік ерекшеліктеріне де мән бере отырып, оларға мазмұндық талдаулар жүргізеді. Әрбір жолдаудың ерекшеліктері мен айшықты тұстарына ажыратып көрсетеді.

Методологиялық тұрғыдан тәуелсіздік жылдарындағы жасалынған Жолдаулар кезеңдерге бөлініп көрсетіліп, оларды салыстырмалы түрде талдайды. Нәтижесінде алынған тұжырымдар негізінде автор Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауларының тарихи дереккөз ретіндегі маңыздылығына қатысты өзіндік қорытынды ойларын ұсынады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-2.02
pdf