pdf

Кілтті сөздер

«жұмсақ күш»
сыртқы саясат
халықаралық қатынастар
әлемдік саясат
мемлекет
жаһандану
саяси стратегия
геосаясат

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Каппасова, Г., Ельмуратов, Г. ., Алтыбасарова, М., & Рахимбаева , М. (2023). «Жұмсақ күш» феноменің саяси стратегия ретінде зерттеудің теориялық аспектісі. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 79(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.10

Аңдатпа

Авторлар «жұмсақ күш» феноменін саяси стратегия ретінде қазіргі саяси теория мен халықаралық қатынастар тәжірибесінің призмасы арқылы зерттеді. Мақалада саяси ойлар тарихындағы «жұмсақ күш» мәселесінің пайда болуы мен қалыптасуы, оның қазіргі жағдайы қарастырылып, мемлекеттердің сыртқы саяси аренада «жұмсақ күшті» қолдануының негізгі тәсілдері, ресурстары, мақсаттары мен нәтижелері анықталған. Бұл құбылысты зерттеу нәтижелері саяси шешімдерді қабылдаудың теориялық негізі болып табылады. Бұл зерттеуге жалпы әлемдік және геосаяси кеңістіктегі «жұмсақ күштің» әсері туралы теориялар негіз болды, оның оң және теріс жақтары атап өтілді.Қазіргі заманғы мемлекеттер үшін қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажеттігі әлі де өзекті міндет болып табылады. Халықаралық аренадағы мемлекеттер ықпал ету мен ресурстар үшін қатаң бәсекелестік жағдайында. Сонымен қатар, соңғы уақытта жаһандық саяси кеңістікте мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің «жұмсақ» тәсілдерінің рөлі айтарлықтай өсті, осы мәселеге арналған жаңа көзқарастар мен теориялар пайда болуда. Авторлар «жұмсақ күш» феномені осы концепцияның халықаралық қатынастарды реттеу және әлемдік тәртіпті қалай сақтау керектігі туралы заманауи идеяларға сәйкестігіне байланысты саяси тәжірибе үшін ең үлкен мәнге ие болды деген қорытындыға келеді. Авторлар жүргізген талдау ықпалды саяси стратегия ретінде «жұмсақ күштің» тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.10
pdf