Аңдатпа
Мақала Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасу және даму барысындағы проблемаларды талдауға арналған. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі ахуалы қарастырыла отырып саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және тұрғындардың өзін-өзі басқаруға қатысуына байланысты проблемалары талданады. Анықталған проблемлар әлеуметтанулық сауалнама арқылы сарапшылар пікірімен нақтыланады. Қорытындылай келе, автор жергілікті өзін-өзі басқарудағы жағдайды жақсартуға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынады, соның ішінде құқықтық базаны нығайту, бюджеттік қаржыландырудың тиімділігін арттыру және тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқару ісіне қатысу деңгейін жоғарылату бойынша. Мақала жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін зерттеумен айналысатын мамандар үшін қызықты болуы мүмкін.