Аңдатпа
Мақалада қазақтардың ортағасырлық көшпелі қоғамындағы сопылық дәстүрлер мен діни синкретизмнің тамырласу үдерісіне Қазақстанның табиғи-географиялық ортасының қалайы әсер еткендігі зерттелген. Мақалада ортағасырлық қазақ қоғамындағы маусымдық көші-қонның негізгі бағыттары мен көшпелі процестің өзіндік ерекшеліктері айқындалып, географиялық детерминизм теориясы мен жергілікті мәдениеттегі сопылық дәстүрлердің таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталған.
Мақалада 18 ғасырдың басы мен 19 ғасырдың аяғындағы көшпелі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси дамуы контексінде зерттелетін «Ишанизм» деп аталатын кейінгі сопылық дәстүр құбылысына ғылыми назар аударылады. Ишандардың діни миссиясының қазақтардың исламдану процесіне неліктен ықпал еткендігі айқындалған. Сондай-ақ, аталмыш жұмыста ишандардың діни-миссионерлік қызметінің көшпелі қазақ қоғамында нығаюына сол кездегі әлеуметтік-саяси процестердің орын алуынан екендігі көрсетіліп, бұл процеске қуатты рухани серпін берілуі зерттелген.
Түйін сөздер: Қазақстан, Орталық Азия, табиғи орта, ислам, сопылық дәстүрлер, көшпелі қазақ қоғамы, ишандар.