Аңдатпа
Осы жылдар ішінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған көптеген бағдарламалар мен зерттеулердің болуына қарамастан, кеше орын алған «Қаңтар оқиғасы» ауыл жастарының қалалық өмірге бейімделуі мен интеграциясына байланысты күрделі мәселелердің бар екенін айқындап берді. Сондықтан жастар көп шоғырланған Оңтүстік аймақта әсіресе Алматы, Түркістан облыстарында әлеуметтік лифт білім, саясат, армия тетіктері арқылы ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялау жолдарына кешенді зерттеу жүргізу өте өзекті болып табылады. Әлеуметтік лифттің әдіснамалық концепциясы аясында Алматы, Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл облыстары мысалында ауыл жастарын бейімдеу мен интеграциялаудың ерекшеліктері мен жағдайларын қарастыру. Сондай ақ, ғылыми және диссертациялық жұмыстарды талдай келе, көптеген зерттеулер жалпылама сипатқа ие екенін және олардың тек жастар туралы қамтылғанын көрсетіп отыр.