pdf

Кілтті сөздер

адами капитал, зияткерлік әлеует, білім, ғылым, білім беру капиталы, білім экономикасы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тұқымов, Е. (2023). АДАМИ КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҮРДІСТЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 80(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-4.09

Аңдатпа

Бұл мақала адами капиталды, оның зияткерлік әлеуетпен байланысын зерттеуге арналған. Адами капиталдың қалыптасуы мен жинақталуына әсер ететін негізгі фактор-білім мен ғылым. Зерттеудің мақсаты-адами капиталды қалыптастыру мен көбейтудегі білімнің, ғылымның және зияткерлік әлеуеттің рөлін анықтау. Мақалада адами капиталдың басқа капитал түрлерінен айрықша сипаттамалары айқындалады, оның Қазақстан экономикасындағы басым рөлінің негіздемесі ұсынылады. Адами капиталға инвестициялардың түрлері сипатталған. Мақалада білім берудің адамның кәсіби іс-әрекетін сәтті жүзеге асыруға әсер ету дәрежесі көрсетілген, адами капиталды қалыптастыру көздерінің сипаттамалары келтірілген, сонымен қатар білім мен ғылымның адами капиталды дамыту процесіне әсері сипатталған. Зерттеу нәтижелері мен қорытындыда ұсыныстар беріледі. Оларды жүзеге асыру білім және ғылым жүйесін жетілдіруге ықпал етеді, сапалық жағы мен тиімділігін арттырады, нәтижесінде зияткерлік әлеуеттің ашылуына және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті факторларының бірі ретінде адами капиталдың дамуына әкеледі.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-4.09
pdf