pdf

Кілтті сөздер

мемлекеттік бағдарлама рөлі, Жібек жолы бойындағы мәдени алмасулар, ортағасырлық жазба мұралар, «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрāр ал-атиббā’», дала медицинасы.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тұяқбаев, О., Жиренов , А., & Қыдырбаева , У. (2024). МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖАЗБА МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ РӨЛІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 81(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.06

Аңдатпа

Дүниежүзілік технократиялық саяси процесстер күшейген сайын әлемдік жаһандану үрдісі де, мәдени кеңістіктің унификациясы да қарқын алып келе жатқаны анық. Жаһанданудың қатерлері алдында Қазақстан Республикасында ұлт мәдениеті, құндылықтары, ұлттық коды ішкі саясат, мәдениет және идеология саласындағы басты бағдар ретінде таңдалып отыр. Оларды зерттеу, ел ұстанымына орнықтыру мақсатында ҚР Үкіметі бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап, ұлттық мәдениет пен тарихты әр алуандығымен және ұлылығымен қосып зерттеуге, мәдени мұраларды жинастырып, ел болашағының игілігіне пайдалануға үлкен қаржы бөлді.  Бұл саясат бүгінде «Архив – 2025» жобасымен жалғасын тауып, сол бойынша ғылыми ізденістер әлі де жалғасуда

Өткен ғасырларда өркениеттер тоғысы түйісінде халықтардың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен біте қайнасып, кең ауқымда дамыған мәдениеттің бірі – емшілік өнер. Мақалада өткен ғасырларда түрлі халықтар мен Ұлыстар арасындағы мәдени алмасуларда дала өркениеті, соның ішінде медицинасы қалай дамыды,  қандай орны болды деген сұрақтарға жауап ізделеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы ізденістер нәтижесінде анықталған Дала медицинасының жарқын деректері – «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрар ал-Атибба’» сынды шығармаларға, олардың зерттелу мәселелеріне шолу жасалады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.06
pdf