Аңдатпа
Бұл мақала ұлт құрылысы және азаматтық бірегейлікті дамыту контекстіндегі 2009-2021 жылдардағы санақаралық кезеңдегі Қазақстан аумағындағы көші-қон процестері мәселелеріне арналған. Мақалада халықтың ішкі және сыртқы көші-қонындағы негізгі тенденциялар сипатталған. Халықтың көші-қон себептерін анықтау және оның ұлт құрылысы процесіне әсері ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыратын BR18574231 «Қазақстандағы ұлт құрылысының ғылыми-әдіснамалық негіздері: көпэтносты қоғамның дамуының қазіргі жағдайларын, үрдістерін және проекциялық/бағалау модельдерін бағалау» зерттеуі шеңберінде жүргізілген социологиялық зерттеудің қорытындыларына негізделеді.
Осы мақаланы дайындауда ұлттық санақ және әлеуметтанулық зерттеу қорытындыларының деректерін талдаудың статистикалық әдісі (сандық әдіс) және салыстырмалы (компоративті) талдау қолданылды. Үшінші ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша өңірлер ескі әкімшілік-аумақтық шекараларда қалады, өйткені әкімшілік-аумақтық қайта құрулар 2022 жылы халық санағы жүргізілгеннен кейін жасалды.
Сандық әлеуметтанулық зерттеу-жаппай сауалнама еліміздің 20 өңірінде (Астана, Алматы және Шымкент республикалық маңызы бар қалалары және 17 облыс) жүргізілді.
Сондай-ақ, мақалада ұлт құру процесінде біріктіруші факторлар мен мигранттардың консалидациялық әлеуеті мәселелері қарастырылады.