Аңдатпа
Бұл зерттеуде Мемлекеттік қызмет саласындағы жобалық басқару (жобалық менеджмент) қарастырылады. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның елдік кейстерін талдау негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік секторындағы жобалық басқару институтының қалыптасуына, дамуына және имплементациясына талдау жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жобалық менеджментті реттеудің заңнамалық негіздері зерделенді, ұлттық жобаларды имплементациялау барысында осы тетіктердің артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Мақалада кейстерді терең зерттеу арқылы авторлар мемлекеттік секторда жобалық менеджменттің кешенді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді ашады. Зерттеу нәтижелері келісімшарттық қызмет сарапшыларды тарта отырып, жобаларды іске асыру процесінде еңбек қатынастарын реттеу тетіктерінің бірі болып табылатынын көрсетті.