Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы саяси қатысуға арналған зерттеудің кейбір нәтижелері берілген. Алғышарттар авторлардың COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдары нәтижесінде туындаған наразылық көңіл-күйлерін зерттеуден туындап, бұл өз кезегінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы алдындағы факторлардың бірі болды. Сондықтан бұл зерттеу бүгінгі таңдағы тұрғындардың әлеуметтік және саяси белсенділігіндегі өзгерістерді анықтауға бағытталған. Конвенционалдық және конвенционалдық емес, дәстүрлі және әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрлеріне ерекше назар аударылады.
Әдебиеттерді талдау негізінде саяси қатысу теориялары, оның түрлері, сондай-ақ шетелдік және отандық зерттеушілердің назарын аудартқан негізгі аспектілер зерттелді. 2021 және 2024 жылдардағы сандық сауалнамалар деректерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып, оның нәтижелері саяси ынталанудың түрлі формаларына сұраныс пен таралуын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстан аймақтарында жүргізілген фокус-топтық талқылаулар әдісі тұрғындардың негізгі ақпарат көздерін, қатысудың цифрлық түрлерін қолданудың және билік органдарымен байланыс ерекшеліктерін анықтады.
Осылайша, мақалада қазақстандықтардың саяси мінез-құлқының басым формалары ашылып, әлеуметтік топтардың қатысу ерекшеліктері көрсетіледі, саяси қатысудың түрлі формаларын пайдалану сұранысындағы өзгерістер түсіндіріліп, олардың әлеуеті талданады.