pdf

Кілтті сөздер

Қазақстан, ислам феминизмі, әйелдер құқықтары, діни-саяси ағым, әлеуметтік өзгерістер, рухани-мәдени мәртебе

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жандосова, Ш., & Тоқтарбекова, Л. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МАҢЫЗЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 87(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.008

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақала Қазақстандағы ислам феминизмінің әлеуметтік, мәдени және рухани қырларын жан-жақты зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қазақстандық қоғамда діни сәйкестілік пен гендерлік теңдік мәселелерінің өзара байланысын түсінудің маңыздылығымен анықталады. Мақаланың негізгі мақсаты – қазақстандық мұсылман әйелдердің қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кешенді талдау болып табылады. Бұл зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі жалпы ғылыми, арнайы және теориялық-методологиялық тәсілдердің кешенді қолданылуына негізделген. Жалпы ғылыми әдістер ретінде диалектикалық, жүйелік талдау және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылып, олар ислам феминизмінің қазақстандық қоғамдағы даму заңдылықтарын, әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін және қалыптасу кезеңдерін зерттеуге мүмкіндік берді. Арнайы әдістер қатарында қолданылған дискурс-талдау және феноменологиялық әдістер ислам феминизмі туралы қоғамдық пікірталастарды зерттеуге және мұсылман әйелдердің діни тәжірибесін терең түсінуге бағытталды. Мақалада ислам феминизмінің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылып, оның қазақстандық контекстегі ерекшеліктері анықталды. Зерттеу барысында ислам феминизмінің қазақ қоғамындағы даму заңдылықтары, оның дәстүрлі діни құндылықтармен үйлесімділігі және заманауи әлеуметтік өзгерістерге әсері жан-жақты талданды. Мақалада ислам феминизмінің қазақстандық моделі, оның дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазіргі заманғы феминистік идеялардың синтезі ретінде қалыптасу ерекшеліктері сипатталады. Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен қорытындылар гендерлік теңдік мәселелерін зерттеуде, әлеуметтік саясатты қалыптастыруда және діни-мәдени зерттеулерде практикалық маңызға ие.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.008
pdf