pdf

Кілтті сөздер

ұлт, құндылық, тәуелсіздік, патриотизм, бірлік, ынтымақтастық, қоғамдық сана, шығармашылық өнеркәсібі

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Качеев, Д., Токтаров, Е., & Оспанов, Т. (2025). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 87(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.001

Аңдатпа

Мақалада тәуелсіз Қазақстан үшін жаңа жалпыұлттық құндылықтар жүйесі талданады. Бұл жүйені әзірлеудің өзектілігі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік мәселелермен күресу және азаматтық қағидатқа негізделген біртұтас ұлт қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев жалпыұлттық он екі құндылықты айқындап, оларды жұптап ұсынды. Ең алдымен, өзара тығыз байланысты Тәуелсіздік пен Патриотизм құндылықтары атап өтілді. Бірлік пен Ынтымақтастық қоғамның бірігуі мен әлеуметтік тұтастығын нығайтудың негізі ретінде қарастырылды. Әділдік пен Жауапкершілік жалпыұлттық құндылықтар жүйесінде ерекше орын алады. Мемлекет басшысының пікірінше, Заң мен Тәртіп құндылықтары қазақстандықтардың қоғамдық санасына оң әсер етуі тиіс. Еңбекқорлық пен Кәсібилік елдің экономикалық дамуының негізгі кепілі ретінде қазақстандық ұлттың ажырамас құндылықтары болып табылады. Ал Жаңашылдық пен Шығармашылық қоғамның креативті индустриясын дамыту қажеттілігімен өзекті бола түсуде. Жалпыұлттық құндылықтарды білім беру және тәрбие жүйесіне енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың оларды негізге алған идеологиялық жұмысы азаматтық қағидатқа сүйенген ұлт қалыптастырудың берік іргетасына айналуы тиіс.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.001
pdf
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР