pdf

Кілтті сөздер

көші-қон, климаттық көші-қон, мемлекеттік саясат, құқықтық мәртебе, халықаралық құқық, климаттық мигранттарды қорғау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрмуханқызы, Д., Калдияров, Д., & Ишкибаева, Г. (2025). МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТАҒЫ КЛИМАТТЫҚ КӨШІ-ҚОН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 87(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.007

Аңдатпа

XXI ғасырдың басты жаһандық сын-қатерлерінің бірі – климаттың өзгеруі. Ол әлеуметтік-экономикалық дамуға елеулі ықпал етіп, мемлекеттердің саяси стратегияларын жаңа жағдайға бейімдеуді талап етеді. Климаттық факторлардың күшеюі көші-қон үрдістерін айтарлықтай жандандыруда. Дегенмен, халықаралық деңгейде климаттық мигранттарға ортақ құқықтық мәртебе әлі қалыптаспаған, бұл құқықтық белгісіздікті туындатады. 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияда климаттық мигранттар босқындар санатына кірмейтіндіктен, қазіргі халықаралық құқықтық тетіктер олардың құқықтарын толық көлемде қорғауға қауқарсыз. Қазақстан жағдайында климаттық алуан түрлілік пен кейбір аймақтардың экологиялық осалдығы ішкі және трансшекаралық көші-қон қаупін күшейтуде. Мұндай жағдайда климаттық көші-қон мәселелерін көші-қон және климаттық саясаттың ұлттық жүйесіне енгізу, сондай-ақ заңнаманы жаңа сын-тегеуріндерге бейімдеу қажет. Бұл зерттеу халықаралық тәжірибені сараптауға, қолданыстағы құқықтық олқылықтарды айқындауға және Қазақстан үшін тиімді шешімдер ұсынуға бағытталған. Зерттеудің басты мақсаты – әлемдік тәжірибені және қазіргі үрдістерді ескере отырып, мемлекеттік саясат пен ұлттық құқықтық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.3.007
pdf