pdf (English)

Кілтті сөздер

ақпараттық қауіпсіздік, медиа, киберқауіптер, гуманитарлық құндылықтар, цифрлық технологиялар, Қазақстан, киберқауіпсіздік, БАҚ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Nyssankuatova , D. ., Khussainova, G. ., Ismatullayeva , N., & Nuralina, B. (2026). ЦИФРЛЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 90(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.006

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазіргі жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында ақпарат пен цифрлық технологиялар Қазақстан үшін экономикалық өсуді қамтамасыз ететін және ұлттық қауіпсіздікті нығайтатын негізгі стратегиялық ресурстардың біріне айналып отыр. Аталған ресурстар қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында, соның ішінде медиа кеңістікте де айрықша маңызға ие. Дегенмен ақпараттық қауіпсіздік деңгейінің жеткіліксіз болуы құпия деректердің таралуы мен қоғамдағы гуманитарлық құндылықтардың әлсіреуіне әкелетін елеулі қатерлерді туындатады.

Цифрландыру дәуірінде медиа технологиялардың қарқынды дамуы мен өзгеруі жағдайында гуманитарлық құндылықтарды сақтау мәселесі өзекті сипатқа ие болуда. Бұл мақалада Қазақстанның медиа саласындағы киберқауіпсіздік мәселелері талданып, цифрлық платформалардың киберқауіптерді таратудағы рөлі, сондай-ақ олардың саяси және әлеуметтік ықпал ету құралы ретінде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар азаматтық қоғам мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістікке әсері сараланады.

Авторлар медиа саласында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілін енгізудің маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл тәсіл техникалық құралдарды (брандмауэрлер, жасанды интеллектке негізделген жүйелер, мониторинг), құқықтық реттеуді жетілдіруді, мамандарды даярлауды және тиімді әрекет ету тетіктерін қамтиды. Мақалада сонымен бірге цифрлық қатерлер жағдайында медианың тұрақтылығын арттыруға және гуманитарлық құндылықтарды қорғауға бағытталған ұлттық стратегияларды қалыптастыру жолдары ұсынылады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.006
pdf (English)