Аңдатпа
Зерттеу жұмысы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың саяси-құқықтық үлгілерін теориялық талдауға арналған және оның мақсаты қазіргі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару үлгісінің қай үлгіге сәйкес келетінін анықтау, ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолданыстағы англосаксондық, құрлықтық және аралас үлгілеріне талдау жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамаларын талдаумен қатар басқарудың әртүрлі үлгілерін қолданатын мемлекеттердің мысалдары да қарастырылады. Теориялық зерттеудің негізінде әр үлгінің негізгі сипаттамалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ оларды қазіргі жағдайда қолданудың кейбір ерекшеліктері анықталады.