Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында спорт саласын дамыту бойынша атқараылып жатқан мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен мәселелері талданып, спортты дамытудағы стратегиялық бағыттары көрсетіледі. Спорт саласы саясаттану ғылымы тұрғысынан зерттеуді қажет ететін маңызды, өзекті мәселе. Зерттеуде Қазақстан Республикасының спорт саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басым бағыттарын жүзеге асыруда орын алып отырған олқылықтар бұқаралық пікір мен талдау негізінде анықталып, бірқатар шараларды жүзеге асыру қажеттілігі ұсынылады. Мемлекеттің спорт саласында жасалып жатқан жұмыстары мен жетістіктері де мол. Зерттеу барысында қазіргі жаһандану жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін мемлекеттік басқару мен ұйымдастыру тұрғысынан да осы саланы жетілдірілу қажеттілігі айқындалды. Оның ұлттық экономикаға әсері, туризм мен спорттық қызметтердің дамуына ықпал ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі маңызды.
Қазақстан Республикасының спорт саласындағы мемлекеттік саясатының мәнін, мақсаттары мен басым бағыттарын, сонымен қатар спортты дамытудағы стратегиялық бағыттарын көрсету үшін саясаттанулық талдау жасалып, ұсыныстар қолданбалы әдістер арқылы нақтыланып, ресми статистикалармен дәлелденіп, тұжырымдар ғылыми тұрғыда негізделді.

