Аңдатпа
Мақалада Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына тарихи хронологиялық және салыстырмалы-құқықтық талдау жасалған. Ғылыми зерттеуде танымның жалпы ғылыми және арнайы әдістері қолданылған. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен дамуын кезең - кезеңге бөлініп жүйеленген. Әрбір кезеңнің ерекшеліктері талданған. Алынған нәтижелердің ішінде келесі мәселелерді көрсетуге болады: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар; және жергілікті өзін-өзі басқаруда өкілетті органдардың маңыздылығы, депутаттардың ролі айқындалған.