PDF

Кілтті сөздер

интеллектуалды миграция, адами капитал, жастар, ғылыми-техникалық, жоғары білікті мамандар, статистика, ғалымдар, мемлекет, инновация.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Калиаскарова, Г., Жанпейісова, Қ., & Онучко, М. . (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ: РЕТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 72(4), 20–34. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-4.02

Аңдатпа

Жаһандану жағдайында әлемнің барлық елдері үшін интеллектуалды миграция маңызды процесс болып табылады. Қазақстан Республикасы осы процестің субъектісі ретінде аталған мәселеден тыс қала алмайды. Елдегі қазіргі таңда интеллектуалды жастардың шетелге ағыны күн санап артуда. Мақалада интеллектуалды миграцияны реттеудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, ақыл-ой айналымы оның реттелу жолдары талданып, біздің елден шетелге кеткен білімді мамандарды тартудың жолдары қарастырылады.  Сонымен бірге, Қазақстандағы интеллектуалды мигарция процесінің негізгі проблемасын анықтайтын  факторлары мен мәселелері, елдің ақыл-ой ағыны ахуалының ұлттық дамуға әсері  және білімді жастардың миграциялық көңіл-күйі және оның миграциялық процестерге әсері талданады. Елдегі адами капиталды дамыту аясында интеллектуалды миграцияны тежеуге болатыны туралы қорытынды жасалады. Зерттеудің нәтижесі ретінде мектеп бітірген жас ақыл-ойдың шетелге кету мәселелері бойынша сауалнама негізінде, ұсынылған гипотеза тексеріліп, талданып, нәтижесінде отандық ақыл-ой орталықтарын құру мен жетілдіру, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, кәсіби тұрғыда қолдаулар қажеттілігі мәселені шешудің кейбір мүмкіндіктері ретінде ұсынылды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2021-4.02%20%20
PDF