pdf

Кілтті сөздер

ғылым, ғылымды басқару, ҒЗТҚЖ /НИОКР/, инновация, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК), ғылымдағы серпіліс, Ұлттық ғылыми кеңестер, ғылым, техника және инновация (ҒТИ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), басым бағыттар.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Оспанова, А., Қаленова, Т., & Жалмагамбетова, С. (2022). ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМ САЛАСЫН БАСҚАРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 73(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.03

Аңдатпа

    

Мақала қоғамдық прогрестің ең қуатты қозғалтқышы, қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – ғылымды басқару саласы және осы саладағы мемлекеттік саясат мәселесіне арналған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым саласы жаңа жолға қойылып, мемлекеттік саясаттың басымдықтары ретінде заң қабылданып, әр түрлі көптеген бағдарламалар ұсынылып, олардың жүзеге асырылу жолдары да айқындала бастады. Бірақ, еліміздегі жалпы білім және ғылым саласына қатысты жүргізілетін саясат әртүрлі жоспарлы және бірдей емес сипатта. Өйткені, бұл саладағы реформалар да қоғамның дамуымен қатар толықтырылып, өзгеріске ұшырап отыруы тиіс.

Мақалада Қазақстандағы ғылым саласын басқару бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен деңгейлері, жоспарлары және мемлекеттік бағдарламалар сарапталып, талдау жасалынады. Сонымен қатар, стратегиялық даму жоспарлары, ғылымның дамуын үйлестіруші органдар, ғылымдағы серпілісті күту, әлемдік экономика дамуының қоғамдық қарым-қатынасқа әсері, ғылым саласына ықпал етуі мен түрлі теориялар мен концепцияларға негізделу шарттары қарастырылады.

Авторлардың пікірінше Қазақстан ғылымының даму перспективалары мемлекет ғылымнан нақты нені күтеді және соған сәйкес ғылыми-техникалық саясат қандай болуы керектігіне байланысты болады. Бұл мәселені толықтай түсіну үшін ғылымның дамуындағы елдің ғылымды немесе ғылыми-техникалық саясатты басқаруды көре білу не тұжырымдамасын жасау қажет.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.03%20
pdf
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2022 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР