pdf

Кілтті сөздер

сайлау жүйесі, сайлау процесі, цифрландыру, электрондық демократия, электрондық үкімет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Амиржанова, А. (2022). ҒТАМР 11.15.23 САЙЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ДАУЫС БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 74(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.03

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының басты шарты – демократиялық қоғамды қалыптастыру. Елімізде болып жатқан демократиялық процестер демократияны қалыптастыру мен дамытудың маңызды институттарының бірі болып табылатын сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы билік органдарын қалыптастыру – демократиялық саяси жүйенің негізі болып табылады. Оның өту үдерісі жаңа сайлау технологияларының қолданылуына байланысты. Сондықтан да дауыс беру қорытындысын шығарудың әділ, таза болуын қамтамасыз ету үлкен саяси маңызы бар міндет.

ХХІ ғасырдың сайлау процестерінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – цифрлық және мобильдік революциялар, цифрландыру, виртуалды кеңістік, электрондық демократия, электрондық үкімет, электрондық басқару, электрондық дауыс беру сияқты жаңа терминдерден тұратын технологиялылық болып табылады.

Сайлау құқығының қазІіргі даму кезеңінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, электрондық дауыс берудің құралдары мен кешендерін сайлау өткізу тәжірибесіне енгізу жеткілікті перспективалы бағыт болып табылады. Сайлау процесінің кезеңдері мен фазаларында қолданылатын цифрлық технологияларды дауыс беру процесін қоспағанда, электрондық дауыс беру деп түсіну қате пікір болып табылады. Электрондық дауыс беру дегеніміз - дауыс берудің электрондық құралдарын, сондай-ақ дауыстарды есептеудің техникалық электрондық құралдарын қамтитын дауыс берудің әртүрлі түрлерін айқындайтын термин.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.03
pdf