Аңдатпа
Сайлау институты Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері өкілді билікті қалыптастырушы демократияның басты белгісі мен принципі ретінде қызмет атқарып келеді. Сайлау институтының жетілдірілуі осы жылдарға дейінгі реформалар арқылы жүзеге асуда. Жоғары билік органдарымен қатар, 2021 жылы ауылдық округтардың әкімдерін де сайлау арқылы таңдау мүмкіндігіне халықтың ие болғаны белгілі. Осы мақалада үміткерлердің саяси партиялар арқылы тіркелуімен қатар өзін-өзі ұсыну арқылы ауылдық әкімдік лауазымына сайлануы осы сайлау науқанындағы жаңа коммуникативті тренд ретінде қарастырылады. Сайлау заңнамасына «барлығына қарсы» бағанының енгізілуі жаңа өзгеріс ретінде қарастырылады.
Орталық сайлау комиссиясы және мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметтері, сонымен бірге интернет ақпарат көздеріне мониторнг жүргізу арқылы 2021 жылғы әкімдер сайлауына талдау жүргізіліп, ғылыми қорытынды алынды. Зерттеу негізінде алынған қорытындыға байланысты ауыл әкімдерін сайлау өзекті болғандықтан, оны жетілдіру, ұйымдастыру барысында әртүрлі саяси-коммуникативті технологияларды демократияның басты принципі ретінде қолдану аясын кейту ұсынылды.