pdf

Кілтті сөздер

Қазақстан және Канада, «Канадалық мәдени мозаика», көпмәдениетті білім беру, идеологиялық тәсіл, саяси-философиялық талдау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Nuradin, G., Исабекова, Г. ., & Дуйсенова, Н. (2022). КӨПМӘДЕНИЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ: САЯСИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 74(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.08

Аңдатпа

Мақалада Канададағы «Канадалық мәдени мозаика» және Қазақстандағы «Қазақстан халқының бірлігі» атауына ие мемлекеттік саясаттың көпмәдениетті білім беру бағытындағы бүгінгі күнгі нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалды. Канада - солтүстік Америкадағы жер көлемі бойынша әлемде екінші орынды иеленетін, ағылшын және француз тілдері қатар жүретін, технологиялық және индустриялық дамыған, көпмәдениетті соған сәйкес көпұлтты парламенттік жүйесі бар конституциялық монархия. Қазақстан – Еуразия орталығындағы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленетін қазақ және орыс тілдері қатар жүретін, технологиялық және индустриялық бағытта дамушы, көпмәдениетті сәйкесінше көпұлтты демократиялық, зайырлы, унитарлық, конституциялық республика. Канада мен Қазақстанның әлем сахнасындағы бүгінгі күнгі полиэтникалық келбеті ұқсас, алайда олардың саяси-философиялық құрылымы екі бөлек. Екі мемлекет те тарихи тағдырға көндіккен этникалық топтардың еш кедергісіз бақытты өмір сүруі және өз ұлтының ерекшеліктерін сақтап қалуы мен жетілдіруі үшін қолайлы жағдай жасауда. Олардың бұл әрекеттері идеологиялық тәсіл ретінде жұмыс істеп өзге мемлекеттерге үлгі болуда. Ұлттар ассимиляциясы табиғи тұрғыда орын алмаған жағдайда азшылықты құрайтын этникалық топтар мәдениетінің жоғалуы, расизмнің өршуі, сәйкесінше ұлттық бірегейлікті жоғалту процесі орын алатыны анық.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.08
pdf