pdf (Қазақша)

Ключевые слова

продовольственная безопасность, национальная экономика, Казахстан, Евразийский экономический союз, индексный метод, субиндекс, оценка продовольственной безопасности.

Как цитировать

Алибаев, Е., & Онучко, . М. . (2023). ОБЕСПЕЧЕНИЕ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ КАЗАХСТАНА В УСЛОВИЯХ ЕАЭС. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 77(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.08

Аннотация

Еуразиялық экономикалық одақ Халықаралық экономикалық ұйымдар арасында маңызды орын алатынына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі дамыған елдерден артта қалып отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың азық – түлік қауіпсіздігі проблемасы қатысушы елдердің назарында және олардың әрқайсысы елдің ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында экономикалық және cаяси тәуекелдер мен қатерлерге қарсы дербес әрекет етеді. Олардың әрқайсысында азық-түлік қауіпсіздігін бағалау мен бақылаудың өзіндік жүйелері қалыптасып, жұмыс істейді. Алайда, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасының кешенді сипатына байланысты оны тек ел ішінде ғана емес, жалпы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы қарау және шешу қажет.

Аталған зерттеудің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін зерделеу.

Зерттеуде монографиялық, экономикалық-статистикалық, дерексіз-логикалық әдістер мен сараптамалық бағалау қолданылды.

Зерттеу нәтижесі Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы басты кедергіні анықтау және қамтамасыз ету проблемаларын шешу жолы ұсынылды. Зерттеу нәтижелері азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту процесінде пайдаланылуы мүмкін.

Қорытынды: Қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Бұл елдің ұлттық қауіпсіздігінің бөлігі, өйткені бірде-бір мемлекет сапалы тамақ өнімдеріне сұранысты қанағаттандырмай, халықтың ұлттық, оның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Әрине, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бұрын елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айту оңай емес. Сондықтан Қазақстанның ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы саясатты дамыту үшін қабылдануы тиіс шаралар ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін реттеу және бақылау бойынша ұсыныстар ұсынылды.

 

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-1.08
pdf (Қазақша)