pdf

Кілтті сөздер

ислам, саяси жүйе, Орталық Азия, Қазақстан, ислам факторы, ислам бірегейлігі, радикалдану.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бектенова, М., & Жандосова, Ш. (2024). ИСЛАМ ФАКТОРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЫҚПАЛЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 83(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.01

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы трансформациялық қоғамдық-саяси үдерістер аясындағы ислам мен ислам факторының ықпалын зерттеуге арналған теориялық-концептуалды ыңғайлар қарастырылды. Ислам дамуының заманға сай, өзекті парадигмалары мен трендтерін және олармен байланысты мәдени-әлеуметтік, саяси-қоғамдық үдерістерді түсіну, пайымдау еліміз бен қоғамымыздың әлемдік тәртіптің өзгермелі шынайылықтарында бағдарлауын жеңілдетеді. Еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық саясат саласындағы модернизациялық үдерістерді реттеудің мүмкін тетіктерін әзірлеу отандық ғылыми қауымдастық үшін академиялық және тәжірибелік маңызға ие. Сондай-ақ, мақалада аймақтағы әртүрлі қауымдастықтар арасындағы исламды түсіндірудегі айырмашылықтар, сондай-ақ жаһандық тенденциялардың діни тәжірибелер мен саяси белсенділікке әсері қарастырылады. Жалпы, мақала Қазақстан мен Орталық Азиядағы ислам мен қоғамдық-саяси өмір арасындағы күрделі динамиканы, өңірлік қоғамдар тап болатын негізгі трансформациялық процестер мен сын-тегеуріндерге баса назар аударуға бағытталған.
https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.01
pdf