pdf

Кілтті сөздер

ауыл, ауылды басқару, ауыл әкімі, жергілікті мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жұмашов, Е., & Пұсырманов, Н. (2024). АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 83(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.04

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық саладағы проблемалардың бірі әртүрлі себептерге байланысты ауылдық елді мекендерден тұрғындардың көшуінің салдарынан олардың депопуляциясы болып отыр. Ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін күшейту үшін мемлекет түрлі мақсатты бағдарламалар мен жобалар қабылдады. Дегенмен елді мекендер санындағы динамиканы талдау нәтижесі ауылдар санының қысқару трендінің жалғасып отырғандығын көрсетеді. Мақалада ауылдардың даму әлеуетін көтеру үшін басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде әкімдіктің болуының маңызы талқыланған. Қазіргі және ретроспективті статистикалық материалдар мен құжаттарды талдау арқылы ауыл әкімі мен оның аппаратының орналасуының елді мекеннің әлеуетіне ықпалы зерделенді. Зерттеу нәтижесінде әкімдіктің орналасуының ауылдың дамуына позитивті ықпалы анықталды. Ғылыми негізделген тұжырымдар негізінде осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін ұсыныстар әзірленді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.04
pdf