pdf

Кілтті сөздер

ақпараттық технологиялар, идеологиялық мақсаттар, саяси пропаганда, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, саяси манипуляция, «жұмсақ күш».

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ибраев, Е., Дюсембекова, М. ., & Жұмағұлов, Е. . (2025). АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 86(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.2.009

Аңдатпа

Бұл мақалада мемлекеттердің идеологиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялардың дамуы және олардың рөлі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында ақпараттық технологиялардың қоғамның барлық салаларына енуі, олардың мемлекет саясаты мен экономикасына тигізетін ықпалына талдау жасалған. ХХ ғасырдың ортасынан бастап ақпараттық кеңістіктің қарқынды дамуы қоғамдық пікірді қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ашқанын көрсетеді.
Авторлар АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Түркия сияқты елдердің ақпараттық технологияларды идеологиялық мақсатта пайдалану тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізеді. БАҚ, әлеуметтік желілер және цифрлық платформалардың ақпараттық ықпал ету құралдары ретіндегі маңызы ерекше атап өтіледі.
Сондай-ақ, мақалада ақпараттық қауіпсіздік, саяси пропаганда, қоғамдық санаға әсер ету стратегиялары қарастырылып, әртүрлі елдердің әдістері сараланады. Бұл зерттеу қазіргі заманғы ақпараттық саясат пен технологиялардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.86.2.009
pdf