pdf

Кілтті сөздер

әлеуметтік капитал, қоғамдық сенім, нетворкинг, азаматтық қоғам, этникалық әртүрлілік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Макулбаева, Г., Давлетбаева, Ж. ., Кочиигит, Ж., & Макулбаева, А. (2026). ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 90(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.010

Аңдатпа

Роберт Патнам ұсынған этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік капитал (әлеуметтік сенім және нетворкинг) арасындағы теориялық тұжырымға сүйеніп, этникалық әртүрлілік сенімнің төмендеуіне және АҚШ контекстінде нетворкингтың құлдырауына әкеледі деп санайды. Салдарынан жеке адамдар тасбақадай қабығына тығылып, қоғамдық өмірден алшақтайды. Бұл мақала этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім мен нетворкингтың Қазақстандағы ара-қатынасын зерттеуге бағытталған. Зерттеуде Дүниежүзілік құндылықтар деректері (2018-2020) және Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы деректері қолданылады. Мақалада Этникалық әртүрліліктің Хиршман-Херфиндаль индексін есептеу арқылы Қазақстан аймақтары этникалық біртекті және гетерогенді аймақтарға бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы бойынша әлеуметтік сенім мен нетворкинг туралы деректер Дүниежүзілік құндылықтар зерттеуінен алынған. Этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім/нетворкинг арасындағы байланыс корреляциялық талдау арқылы зерттеледі. Нәтижесінде этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім кері байланыста екені көрсетіледі, ал нетворкинг пен этникалық әртүрлілік арасында статистикалық тұрғыда тұрақты байланыс жоқ екені көрсетіледі.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.010
pdf