Аңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Қазақстанда 2021–2025 жылдарға арналған креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы аясында креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы талданады. Нормативтік-құқықтық актілерді және ресми статистикалық деректерді талдау негізінде қол жеткізілген нәтижелер бағаланып, саланың дамуын шектейтін институционалдық кедергілер айқындалады. Зерттеу нәтижелері қосылған құнның, субъектілер мен жұмыспен қамтылғандардың саны оң динамика көрсеткенімен, креативті индустриялардың экономикадағы нақты үлесі шектеулі болып қалып отырғанын және оның аумақтық тұрғыда жоғары шоғырлануымен сипатталатынын көрсетеді. Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі кедергілері ретінде басқару жүйесінің фрагментарлығы, инфрақұрылымдық қолдаудың біркелкі еместігі және іске асыру тетіктерінің шектеулілігі негізделеді.

