Аңдатпа
Бұл мақалада медиацияның тарихи қалыптасуы және дамудың негізгі бағыттары көрсетілген. Сондай-ақ, медиацияны зерттеу деңгейін анықтау үшін, медиация ұғымы бар мемлекеттердегі негізгі тәжірибесі ұсынылды және қолдану аясы белгіленді. Қазіргі әлемде медиацияны салыстырмалы түрде жаңа практика ретінде ғылыми тұрғыдан ұғыну қажеттілігімен және оған ғылыми қоғамдастық тарапынан да, жаңашыл қоғам тарапынан да қызығушылықтың артуымен айқындалады. Толығымен медиацияның қолданыс әдіс тәсілдері және қолдану модельдері сипаттамалық түрде көрсетілді.