pdf

Кілтті сөздер

жұмыспен қамту, еңбек нарығы, жұмыссыздық

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мұхтарова, Н., & Нұртазина, Р. (2022). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 73(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.02

Аңдатпа

Халықты жұмыспен қамту еңбек нарығын дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, сондай-ақ халықтың экономикалық белсенділігін арттырудың мемлекеттік саясатының тәсілдерін жетілдіру үшін қазіргі кезеңдегі елдің жұмыспен қамтылған халқының құрылымы мен ерекшеліктерін зерттеу ерекше маңызға ие. Мақалада Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының негізгі тенденциялары мен ерекшеліктеріне талдау берілген. Ресми статистикалық мәліметтер негізінде автор жұмыспен қамтылған халықтың жас және жыныстық құрамын, экономикалық қызмет түрлері бойынша, тұрғылықты жері бойынша, жұмыс жағдайы бойынша, сондай-ақ лауазымы мен мамандығы бойынша бөлінуін ашып көрсетті. Сонымен қатар, автор жұмыспен қамту саласындағы құжаттар мен ақпараттық-сараптамалық материалдарды жан-жақты талдау негізінде анықталған тенденциялар мен ерекшеліктердің себептері туралы тезистерді алға тартты. Жалпы, мақалада Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халықтың негізгі сипаттамалары туралы деректер жүйеленіп, бірқатар практикалық ұсыныстар әзірленген.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.02
pdf