Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты көлік-логистика саласын цифрландыру дәрежесін белгілеу, оның Орталық Азия аймағындағы (ОАА) жай-күйін анықтау болып табылады. Жұмыстың мақсатына сүйене отырып, авторлар көлік логистикасында заманауи технологияларды енгізу және қолдану деңгейіне талдау жасау міндетін қойды. Сонымен қатар, мақалада Қазақстанның және ОАА басқа елдерінің көлік-логистика саласының бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қарастырылады. Атап айтқанда, статистикалық деректер мен халықаралық ұйымдардың индекстерін пайдалану арқылы аймақ нарығындағы логистикалық қызметтердің тиімділігі мәселесі қозғалады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы технологиялық дайындықтың, инновацияның дамуы мен логистиканың тиімділігі арасындағы өзара байланысына баға берілді. Авторлар тауарлар қозғалысының және кірістердің өсуіне ықпал ететін негізгі мәселелер мен даму перспективаларын анықтады.