Аңдатпа
Бұл еңбекте Каспий өңірінде қалыптасқан экологиялық жағдайдың ерекшеліктері, онымен қоса Каспий жағалауы мемлекеттерінің, нақтырақ алғанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қарым-қатынастардың өзгешеліктері қарастырылған. Қазіргі таңда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлер күннен-күнге артып келеді. Осыған сәйкес экологиялық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген жолдарын әзірлеу қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, экологиялық проблемаларды шешу тетіктерін сәтті жүзеге асыру Каспий маңы елдерінің бірлескен іс-әрекетіне тікелей байланысты. Осыған байланысты, жағалаудағы мемлекеттердің ынтымақтастығы аясында Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бірлескен мемлекеттік құқықтық тетіктерді әзірлеп, дамыту қажет. Өңіраралық ынтымақтастық форумы қарастырылып отырған аймақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешудің саяси тетігі ретінде әрекет ете алады деген идея негізделеді.