Аңдатпа
Аңдатпа. Ұсынылып отырған мақалада бүгінгі күні толықтай қашықтықтан оқыту жағдайына ауысқан еліміздегі орта білім беретін мектептердегі оқу контенттерінің негізгі талаптарға сәйкес сапалы оқу контентін құру мәселелерімен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологияларының қашықтық форматына, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, ҚОТ жағдайында оқушылардың техникалық жабдықталуына, педагогтердің біліктілігін арттыруға негізделген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде қашықтықтан оқытудың кешенді моделінің перспективалық тұстары қарастырылады.