pdf

Кілтті сөздер

конфликт, конфликтогенді фактор, Қазақстан, мемлекет, шешу жолдары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Balpanova, N., Нұралина, Б., & Мажен, Е. (2022). КОНФЛИКТОГЕНДІ ФАКТОРЛАР: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ МЕН ӘЛЕУЕТІ: CONFLICT FACTORS AND CONFLICT MANAGEMENT . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 74(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.05

Аңдатпа

Конфликтті зерттеу, оны басқаруды конструктивті бағытта жүргізу үшін, оның қайнар көздері, себептері немесе әсер етуші конфликтогенді факторларын  зерттеуден басталуы қажет. Конфликтогенді факторлар өмірде орын алатын конфликттердің негізгі себептерінің формасы ретінде, белгілі бір шарттардағы конфликт көздерінің  проекциясы болып табылады. Мақалада автор конфликтогенді факторлар туралы жалпы түсінікті, олардың өзара әрекеттестігі мен әлеуетін қарастырады. Автор өз жұмысында конфликттің пайда болуына немесе оның алдын-алуына әсер еткен факторларды зерттейді. Факторларды ішкі факторлар және сыртқы факторлар деп бөлуге болады. Бұл жұмыста ішкі факторлар қарастырылады. Конфликттің пайда болуы мен оны басқару жолдарының тұжырымдық шеңберін айқындау үшін теориялық жағын әдебиетттерді шолу арқылы жүзеге асырады. Зерттеу жұмысы барысында конфликтке әсер етуші факторларды  салыстырмалы әдіс, тарихи әдіс және жүйелік-құрылымдық әдістер арқылы сипатталып, талданады.  
         Мақалада автор Қазақстанды және посткеңестік елдер мысалын үлгіге ала отырып талдау жасайды. Зерттеу жұмысында Қазақстандағы конфликтогендік факторлардың әлеуеті талданып, оның дамуы талқыланады.

 

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-2.05
pdf