Аңдатпа
Мақалада әлемдегі геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық ығысу жағдайында Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі мен даму басымдықтарын анықтайтын негізгі мәселелер қарастырылған. Орталықазиялық өңір елдерінің қауіпсіздігі мен даму басымдықтарын іске асыруда аймақ елдерінің қаржы, инвестиция, адами және басқа да ресурстарды тарту жолындағы бәсекелестіктің ушығу жағдайында байланыстарды күшейтудің зор маңызы атап өтіледі. Орталық Азия аймағы елдерінің ықпалдастығы мен кооперациясын қамтамасыз ету ісіндегі күш-жігерін үйлестіру жағдайында өңірлік ауқымдағы жаңа формацияны қалыптастыру қажеттілігі негізделді.
Интеграцияланған инфрақұрылымдық, телекоммуникациялық, цифрлық және басқа да жүйелер мен платформаларды есепке ала отырып, ұлттық экожүйелерді жаңғыртатын мемлекетаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру механизмдері негізінде аймақты дамытатын бағдарламаның негізгі бағыттары ұсынылған.