Аңдатпа
Мақалада ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ сияқты институттардың қызметі шеңберінде Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Келісім-шарт аясында құрылған Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі аймақтық ғана емес, халықаралық деңгейде де тұрақтандырушы рөл атқаруы керек еді. Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимылға бағытталған өңірлік қауіпсіздіктің тиімді құрылымын қалыптастыру тарихы ашылды. Авторлар сақталып отырған қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін негізгі өңірлік ұйымдардың белсенді қатысушысы ретінде Қазақстанның рөлі маңызды деген қорытындыға келді.