Аңдатпа
Биыл біз мемлекетіміздің дербес сыртқы саясатын қалыптастыру мен іске асырудың символдық мәні бар 30 жылдығын атап өтеміз.
1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының Елшілігі туралы» және «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіткен Жарлықтарға қол қойды.