pdf

Кілтті сөздер

білім көші-қоны
зияткерлік әлеует
«Болашақ» бағдарламасы
Қазақстан

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бокаев, Б., Қаймолдиев, А., Бақтиярова, Г., & Айжарықов, Н. (2022). АДАМ КАПИТАЛЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 75(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.01

Аңдатпа

Адами капиталға инвестиция – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, компаниялардың дамуы немесе тұтастай алғанда ел экономикасының өсуі үшін қажетті шаралар.

            Мақалада шетелдік ЖОО-ның қазақстандық түлектерінің басқа елдерде оқу процесінде алған құзыреттері, білімдері мен дағдылары, сондай-ақ, қазақстандықтардың жұмыста интеллектуалдық әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіретін барьерлер мен тосқауылдар қарастырылған.

            2021 жылдың 26 ​​сәуірі мен 29 мамыры аралығында Google онлайн формасы негізінде шетелдік жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1111 адам қатысты.

            Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтар шетел университеттерінде оқуды аяқтағаннан кейін еңбек нарығына белгілі бір қасиеттер жиынтығымен, оның ішінде аналитикалық дағдылар, компьютерлік және коммуникациялық дағдылар, көшбасшылық, менеджмент саласындағы білім, сонымен қатар, тілдік құзыреттіліктермен және басқа да дағдылармен енетіні анықталды. Алайда, шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби қызметінде белгілі бір білім, құзыреттер мен дағдыларды қолдану деңгейі төмен деңгейде. Уақыт өте келе бұл регрессияға және жұмысшылардың құзыреттілігінің төмендеуіне әкеледі. Нашар сценарийлердің алдын алу үшін Қазақстан Республикасы білім беру көші-қоны және адами капиталды дамыту саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты дәл қазірден бастауы керек.

Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында жасалған (ИРН АР13067766).

Негізгі сөздер: білім көші-қоны, зияткерлік әлеует, «Болашақ» бағдарламасы, Қазақстан

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.01
pdf