Аңдатпа
Бұл мақалада ғылымды дамыту жөнінде тұжырымдар, мәселенің дамуын зерттеушілер, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жасалған ғылым дамуының концепциясы баяндалады. Сонымен қатар ғылымды басқарудың қызметтеріне сипаттама беріліп, инновациялық даму, ғылым мен бизнестің арақатынасы мәселесі қозғалады. Қазіргі заманғы Қазақстан жан-жақтан ақпарат көздерінің тым көп болуы жағдайында елімізде ғылымды дамыту әрі басқару мақсатында біршама нормативтік құжаттар, тұжырымдама мен заңдарды қабылдауға тура келеді. Отандық ғылымды дамытуда олардың орны ерекше. Мемлекет басшысының Жолдауларындағы ғылымды дамыту бағыттары, көзқарасы және оларды шешу жолдары, сондай-ақ әлемдік тәжірибе негізінде біздің еліміздегі ғылым салаларын дамытуды дұрыс жолға қою қарастырылады.