pdf

Кілтті сөздер

сандық БАҚ, әлеуметтік желі, ақпараттық қауіпсіздік, қызығушылықтар, байланыс, азаматтық қоғам

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нугманова , Қ., Кагазбаева, Э., & Сейтнур , Ш. . (2023). Сандық БАҚ Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігінің факторы ретінде. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 79(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.08

Аңдатпа

Жақын болашақта сандық бұқаралық ақпарат құралдары кез келген мемлекет үшін ақпараттың негізгі әрі бастапқы көзі болады, демек бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісінде сандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі елеулі болмақ екенін білдіреді. Қазақстан Республикасындағы сандық БАҚ маңызды саяси ресурсқа айналуда. Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп трансұлттық желі және жаңа медиа болып табылады. Олардың кейбіреулері тіпті бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде деструктивті салдарға алып келеді. Аталмыш зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында жаңа медианы дамыту саласындағы негізгі үдерістерді талдау болып табылады.

Авторлар медиа кеңістік субъектілері саяси үдерістің белсенді қатысушыларына айнала отырып, саяси шындықты құрастырудың құралы болады деген қорытындыға келеді. Сандық БАҚ-тың ресурстық әлеуеті бірінші кезекте азаматтардың, содан кейін азаматтар мен биліктің өзара іс-қимылы үшін алаңдар құруға, адами әлеуетті тартуға бағытталған технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2023-3.08
pdf