Аңдатпа
Мақалада аймақтық саясатқа қатысты орталықтандыру тәсілінен орталықсыздандыруға көшу тенденциясы сипатталады. Мемлекеттік жүйеде орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған басқаруды қолдану жалғыз дұрыс шешім деп айту мағынасыз. Саяси конъюнктураның мәнмәтініне байланысты әр тұжырымдаманың өзіндік артықшылықтары бар. Егер мемлекеттік билік реформалары, атап айтқанда орталықсыздандыру нарықтық қатынастар мен демократияның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге арналған болса, онда бұл ауысу аймақтық саясаттың да өзгеруін алдын-ала анықтайды.