pdf

Кілтті сөздер

миф, саясат, тарих, саяси тартыс.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дюсембекова, М., Нукежанова, С., & Арзыкулов, А. (2024). САЯСАТТАҒЫ МИФТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 81(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.02

Аңдатпа

Саясаттағы миф саяси сананың өзгертілген формасы ретінде анықталуы мүмкін, мұнда нақты ақпаратты білу мен түсіну бейнелермен және символдармен ауыстырылады. Бұл жұмыста біз саяси мифпен салыстырғанда классикалық миф – бұл әмбебап баяндау (нарратив), тарихи оқиғаларды бейнелі түрде интерпретациялаушы және табиғи құбылыстар мен мағыналарды, салт-дәстүрлердің, наным-сенімдердің шығу тегін – адамзат өркениетінің және жалпы алғанда бүкіл әлемді астарлы эмоционалды-көңіл-күй бейнелері арқылы түсіндіруге арналған дәстүрлі  әңгіме түсінігіне сүйенеміз. Әдетте дәстүрлі мифтің шығу тегі белгісіз,  саяси сипаты бар миф көбіне кәсіби түрде шығарылады және оның пайдасына құрылатын нақты адамдардың белгілі бір қатары болады. Саяси күресте мифтер қоғамдық санада билік етіп отырған жүйені киелендіріп, оның қарсыластарын қорлау мақсатында құрылған және таратылған оқиғалар (нарративтер) ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мақалада әлемдік тарих пен саясаттағы саяси мифтің рөлі қарастырылады. Сондай-ақ мазмұнына саясаттағы мифтердің мәні, құрылымы, ерекшеліктері, үрдістері мен функциялары енетін саясаттағы мифтерді талдау үлгісі ұсынылған. Дәстүрлі және саяси мифтердің салыстырмалы талдауы келтірілген.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-1.02
pdf