pdf

Кілтті сөздер

репрессия, цензура, алаштану, идея, идеология, ұлтшылдық, колонизация.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аубакирова, К., Ердембеков , Б., & Сәйдірахман, Ұ. . (2024). АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ЦЕНЗУРА . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 2(82). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.05

Аңдатпа

Мақалада алаш идеясының насихатталуына қатаң тыйым салған кеңес өкіметінің цензура саясаты қарастырылған. Зерттеу нысаны ретінде алаш қайраткерлерінің ғұмырнамалық деректері мен шығармашылық мұрасы, сондай-ақ Семей өлкетану мұражайы мен Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру» мұрағат қорының архив материалдары пайдаланылды. Алаш қайраткерлерінің ғұмырнамасы, тарихи деректер мен нарративті деректер өзара тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы зерттеу тәсілдері негізінде талданып, биографиялық параллель және контент анализ (сандық, сапалық) әдісі арқылы гипотезалық тұжырымдардың дәлелі айқындалды. Зерттеу нәтижесінде отарлау саясаты мен тәуелсіздік үшін күрес саналатын түрлі қозғалыстар мен көтерілістердің негізгі төркіні идея үшін күрес екендігі анықталып, алаш идеясының анықтамасы берілді. Сонымен қатар, алаш идеясының насихат жұмысын қатаң бақылауға алған цензура механизміне қарсы идеологиялық жұмысты астыртын, құпия немесе бүркемелі түрде жүргізу әдістері анықталды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.05
pdf