Аңдатпа
Мақалада халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде жастар парламентаризмі қалыптасуының кейбір аспектілері көрсетілген. Халықаралық жастар палатасының, Еуропалық жастар парламентінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық жастар ассамблеясының (бұдан әрі: ТМД ПАЖА) жұмыс істеу тәжірибесіне талдау жасалды. Жастар парламентаризмінің анықтамалары айқындалып және олардың ішіндегі ең қызықтысы мақалада келтірілген. Парламентаризм дамуының ұлттық деңгейі Қазақстан мысалында қарастырылды. Бұл арнада жастар мәслихаттары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші құрылымдарды құру тәжірибесі баяндалды. ҚР жастар парламентаризмінің қалыптасу процесі жастардың Парламентте және мәслихаттарда өкілдік етуімен және олардың саяси белсенділігінің артуымен байланысты. Мақала әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, құжаттар, жарияланымдар мен электронды форматтағы материалдар негізінде жазылған.