Аңдатпа
Андатпа. Бұл мақалада мемлекеттік қызметшілер мен халықтың өзара іс-қимылы мәселелері қарастырылады. Коммуникациялар жөніндегі сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген фокус-топтар сериясының кейстері мен нәтижелерін талдау негізінде мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының негізгі коммуникативтік стратегиялары талданды, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің коммуникативтік құзыреттеріне баға берілді, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар бөлінісінде мемлекеттік қызметшілер коммуникациясының қазіргі кедергілері қаралды.
Зерттеу нәтижелері мемлекеттік органдардың халықпен қарым-қатынасында мынадай кедергілер бар екенін көрсетті: ақпаратты қабылдау, азаматтар тарапынан мінез-құлық кедергілері, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан мінез-құлық кедергілері, тілдік кедергілер, үлкен дәрежеде эмоционалдық кедергілер және аз дәрежеде гендерлік кедергілер.