Аңдатпа
Бұл зерттеу сайлау науқанын реттейтін заңнама цифрлық үгіт-насихат нысандарын қаншалықты тиімді басқаратынын анықтауға бағытталған. Сайлаудың тұтастығын қамтамасыз ету үшін саяси партиялар мен кандидаттар жүргізетін үгіт-насихаттың барлық нысандарына ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын сақтау маңызды. Бұл зерттеу Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Канададағы заңнаманы талдау нәтижесінде алынған деректерді қолданады. Зерттеуде сондай-ақ Қазақстандағы 2023 жылы өткен парламенттік сайлау алдында нақтыланған сайлауалды үгіт-насихат жүргізу ережелеріндегі жаңашылдықтар туралы деректер де пайдаланылады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қарастырылған мемлекеттердегі цифрлық науқандарды реттейтін заңнамалық өзгерістер уақтылы енгізілмейтіні және цифрлық технологияларды қолданумен байланысты негізгі тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталмағаны анықталды. Қазақстан кейсіне назар аударсақ, заңнамада онлайн үгіт-насихат жүргізу ережелері қарастырылғанымен, олар негізінен дәстүрлі үгіт құралдарына (теледидар және баспа БАҚ) бағытталған қолданыстағы ережелерді онлайн үгіт формаларына кеңейтумен шектеледі. Бұл сайлау кезінде кандидаттардың қаржылық есебіне байланысты бірқатар күрделі мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз. Саяси контекстіде қолданылатын технологияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, заңнаманы одан әрі дамыту қажет.