Кілтті сөздер

Қазақстан, Саясат, Тарих, Сыртқы саясат, Халықаралық қатынас, Экономика, Дипломатия, Шетелдермен қарым-қатынас, Инвестиция.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Енсенов, Қ., Пұсырманов, Н., & Кульбаева, А. (2024). ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ (1991-2021 жж.). ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 84(4). алынды https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/278

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта 1991-2021 жылдар аралығында жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынастар орнатуы, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әріптестік байланыстары тарихи-саяси аспектіде қарастырылған. Соның ішінде жекелеген облыстар да аймақтық сыртқы саясатта шетелдермен қарым-қатынастар жасауы жеке зерттеу нысаны етіп алынған. Атап айтсақ, Жамбыл облысының өңірлік дамуына назар аударсақ, облыс әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, шетелдермен әріптестік байланыстар орнатып, агроөнеркәсіп, тау-кен ісі, химия өнеркәсібі, фосфор, алтын өндіру, уран өндіру және тағы басқа салалар бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырғандығы байқалады. Осындай Жамбыл облысының өңірік дамуын зерделеу үшін тарихнамалық әдебиеттерден Шетелдік және Отандық авторлардың еңбектеріне талдау жасалып, архив материалдары ғылыми айналымға тартылды.