pdf

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бюжеева, Б. ., Ермекбаев, А., & Туркеева, С. (2024). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК ТАСЫМАЛЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ЫҚПАЛДАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 2(82). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.06

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның көлік-транзиттік саласы, логистикалық инфрақұрылымды жетілдірудің стратегиялық жоспарлауы, аймақтық көлік-логистикалық жүйелеріне интеграцияланған мультимодальды көлік-логистикалық орталықтардың желісін құру, тең құқылы серіктес ретінде қазақстандық көлік тасымалы жүйесін халықаралық көлік тасымалдау жүйелерімен тығыз ықпалдасуын қамтамасыз етуі қарастырылады. Қазақстан аумағындағы көлік түрлерінің және көлік-логистикалық үрдістің басқа да қатысушыларының үйлестірілген өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мультимодальды көлік-логистикалық орталықтардың, халықаралық көлік дәліздерінің логистикалық инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктері Қазақстан экономикасының стратегиялық даму тіректері ретінде қарастырылады.

Бүгінгі халықаралық көлік дәліздері - әлемдік экономиканың жаһандану заманында мемлекетаралық экономикалық қарым-қатынастардың тиімді дамуының негізгі өзегіне айналуда. Бұл сала дамудың инновациялық жолына түсуге бет алған Қазақстан Республикасының да әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Өйткені халықаралық көлік дәліздері әлем елдерінің арасындағы сауда мен тауар алмасуды жеңілдете отырып, әлемдік экономиканың өркендеуінде өзіндік үлесін қосып отырған маңызды салалардың бірі.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-2.06
pdf