pdf (English)

Кілтті сөздер

діндарлық, ислам, діншілдер, Қазақстан, қазақтар, постатеистік қоғам.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Забирова A., & Сейтахметова N. (2024). ПОСТАТЕИЗМ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 83(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.03

Аңдатпа

Коммунизмнің құлдырауы мен Кеңес Одағының ыдырауы, бес дамушы мемлекеттегі ұлттық құрылыс процестері Орталық Азияның дамушы елдеріндегі діннің мәртебесін өзгертті. Заңды ұстаным бойынша Қазақстан Республикасында діни бостандық адамның негізгі құқығы ретінде танылады. Мақалада күнделікті діндарлықтың төмен деңгейіне негізделген Қазақстандағы зайырлылықтың ерекше түрін, сонымен қатар исламның әлеуметтік және физикалық кеңістікті иеленуі енгізілген зайырлы мәдени көзқарастарға қарсы тұрмайтынын көрсетуге тырысады.

Жұмыс қазақтардың діндарлығы туралы түсінігі салыстырмалы түрде берілген (2011 және 2018 жж. сауалнамалар) Дүниежүзілік құндылықтарды шолудың эмпирикалық деректерін талдауға негізделген. Жұмыстың пәндік өрісі діншілдік контурын талдаумен сипатталады, діндар мен діни адамның аражігін ажырату ұсынылады. ХХІ ғасырда қазақтардың көпшілігінің ұлттық менталитетін дін қалыптастырмайтыны көрінеді, бірақ эмпирикалық мәліметтерге сүйенсек, исламның адамгершілік нұсқауларды бағдарлау мүмкіндігі бар. Исламның түсіндірме функциясы қазақтардың бүгінгі дүниетанымында басымдығы байқалады.

Жұмыс қорытындысында постатеистік Қазақстанда халықтың көпшілігі зайырлы мәдениет шеңберінде қалып отыр, сондықтан мемлекеттік саясат мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды Қазақстанның діни ландшафтына бейімдей отырып, мемлекеттің зайырлы сипатын одан әрі сақтау қажет деген шешім жасалды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.03
pdf (English)